Шипажайлар коронавирустың алдын алу үшін емхана ретінде қолданылады
Шипажайлар коронавирустың алдын алу үшін емхана ретінде қолданылады
171
оқылды
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының міндетін атқарушы Сатыбалды Даулеталин шипажайлар коронавирусқа байланысты тексеру, емдеу үшін қолданылатынын  мәлімдеді. «Қазақстан халқы қаншалықты қиын кезеңге тап келсе де, кәсіподақтар әрдайым қиындықты халықпен бірге бөліседі. Әрқашан халықтың жанынан табылады. Осынау қиын кезеңде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өз активтерін мемлекет қажеттілігіне орай «Көктем» шипажайы (Алматы), «Турист» қонақүйі (Нұр-Сұлтан) және қажет болған жағдайда Щучинск шипажайы (Ақмола облысы) короновируспен күресу үшін халықты медициналық тексеру өткізу, науқастарды емдеуге қолданылады. Қазірдің өзінде карантинге жатқызылған мыңға жуық адам орналастырылған. Ынтымақтастық пен меншік құқығымызды көрсете отырып, біз отандастарымызды қауіпсіздік ережелерін сақтау мен азаматтық жауапкершілікті сезінуге шақырамыз», – деді Сатыбалды Даулеталин.   Сатыбалды Даулеталин, шипажай, емдеу, коронавирус Ол сондай-ақ қиындықтан біздің ынтымақ бірлігіміз азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетінін айтты. «Біз қиындықты бірге жеңеміз!» деп #BIZBIRGEMIZ акциясына атсалысуға шақырды.