Халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңды қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттарға бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау ұсынылады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі, Халықаралық Қаржы Кор­­порациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасын­дағы елдің орнықты дамуына және өркен­деуіне жәрдемдесу мақсатымен ынтымақ­тастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісім бар. Жобаны іске асыру аталған халық­аралық қаржы институттарымен ұзақ­мерзімді әріптестікті нығайтуға және ор­нықты дамуға қосымша қолдау көр­сетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ күн тәртібінің жобасына 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасы­лық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қа­тынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамалар енгізілді. Түзе­тулер кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұй­рықтарын келісуші тарап­тардың аумақ­тарында тануға және мәж­бүрлеп орын­дауға жататын сот актілерінің тізбесіне енгізуді көздейді. Бұл нормалар бала­лардың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауды күшейтуге бағытталып отыр.

Бұдан бөлек, депутаттар Жеке детек­тивтік қызмет туралы, 2010 жылғы 10 жел­тоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемле­кеттердің адамдарды мемлекет­аралық іздестіру туралы шартына тү­зетулер енгізу хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа қа­былдайды.