Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз – азаматтардың құқығының қорғалуы

Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді.

Партияаралық диалогта Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі  Айдос Сарым ұлттық кодтың сақталуы ел тәуелсіздігі үшін маңызды екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сонымен қатар спикер жаңа Конституцияның 3-бабы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі екенін айтты.

Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.

Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.

Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді.

Дәл қазір «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалогы өтіп жатыр.