Израиль Иранға соққы жасады: АҚШ операцияға тікелей қатысқанын мәлімдеді

Кейін операцияға АҚШ-тың қатысқанын АҚШ президенті Дональд Трамп растады.

Израиль Иранға қарсы алдын ала соққы жасағанын Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кейін операцияға АҚШ-тың қатысқанын АҚШ президенті Дональд Трамп растады.

«Израиль мемлекеті Иран тарапынан төнген қауіптің алдын алу үшін алдын ала соққы жасады»,- деді Кац.

Израиль Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз Reuters агенттігіне соққының АҚШ-пен келісілгенін хабарлаған. Шенеуніктің айтуынша, операция бірнеше ай бойы жоспарланып, нақты басталу күні бірнеше апта бұрын бекітілген.

The New York Times басылымы дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ операцияға тікелей қатысып жатқанын жазды. Америкалық шенеуніктің сөзінше, Таяу Шығыстағы базаларда және әуе тасымалдаушы кемелерде орналасқан америкалық ұшақтар ондаған соққы жасауда.

Осы ақпаратты Reuters агенттігіне аты аталмаған америкалық шенеунік те растады.

«АҚШ Иранға әуе және теңіз арқылы соққы беріп жатыр», — деді ол.

Кейін Дональд Трамп өзінің Truth әлеуметтік желісінде 8 минуттық үндеу жариялап, АҚШ-тың Иранға жасалған соққыларға тікелей қатысып жатқанын растады.

«Америка Құрама Штаттарының әскері Иранда ірі әскери операцияны бастады. Біздің мақсатымыз — Иран режимі тарапынан төнген тікелей қауіптерді жою арқылы америкалық халықты қорғау», — деді Трамп.

Оның айтуынша, қауіп — Иранның ядролық бағдарламасын жалғастыруы және АҚШ-қа тікелей қатер төндіретін алыс қашықтықтағы зымырандарды әзірлеуі.

«Біз олардың зымырандарын жойып, зымыран өнеркәсібін жермен-жексен етеміз», — деді Трамп.

Сондай-ақ ол Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) қару тастауға шақырып, берілгендерге толық қолсұқпаушылықты уәде етті.