Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Нәтижесінде, заңсыз қару сақтау мен браконьерлік деректері бойынша алты қылмыстық іс тіркелді.

Алматы облысы аумағында ақпан айында «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нәтижесінде, заңсыз қару сақтау мен браконьерлік деректері бойынша алты қылмыстық іс тіркелді.

Ведомствоның мәліметінше, анықталған құқықбұзушылықтар қатарында балық ресурстары мен өзге де су жануарларын заңсыз аулау, рұқсатсыз аңшылық жасау, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге қарсы заңсыз әрекеттер бар.

Сондай-ақ ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе зақымдау фактілері де тіркелген. Қазіргі уақытта аталған істер бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.