Харьков облысындағы Купянск қаласы біртіндеп Украинаның бақылауына өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Украина Қарулы күштерінің мәліметінше, Купянск қаласында қалған ресейлік әскер логистика мен жабдықтаудан ажыратылған. Қалада бірнеше ондаған ғана ресейлік сарбаз қалғаны айтылды.
Украин әскерінің бөлімшелері қала ішінде тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әскерилердің айтуынша, ресейлік күштердің жүйелі орналасуы жоқ және олардың азық-түлігі мен мүмкіндігі жақын уақытта таусылуы мүмкін.
Бұған дейін Купянскіде ресейлік әскер тек қала ортасына жақын бір ауданда ғана қорғаныста отырғаны хабарланған.