Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылы «Ахмат» сапындағы алғашқы голын соқты. Ол Ресей премьер-лигасының кезекті турында ЦСКА қақпасына гол енгізіп, қарсылас команданың қақпашысы Игорь Акинфеевті қапы қалдырды.
Бұл - Самородовтың осы маусымдағы Ресей премьер-лигасындағы төртінші голы. Қазақстандық футболшы команда шабуылындағы негізгі ойыншылардың бірі саналады.
Максим Самородов грозныйлық «Ахмат» клубында 2024 жылдың тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Ресей клубына қазақстандық «Ақтөбеден» ауысып, бірнеше жылдық келісімшартқа қол қойған.