Сирияда COVID-19-ды жұқтырған алғашқы науқас тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Низар Язиджи мәлімдеді. Министрдің айтуынша, коронаврусты жұқтырған адам шет елден келген. Жасы 20-да. Енді науқас 14 күнге карантинге жабылып, медициналық тексерістен өткзіледі. Айта кетейік, 22 наурыз күні Сирия үкіметі коронавируспен күрес жолында халықаралық әуе рейстерін тоқтатқан болатын. Сондай-ақ қоғамдық көлікпен жүріп-тұруға тыйым салынып, мектеп, балабақша, мейрамхана, саябақ сынды халық көп шоғарланатын орындар жабылды. Елде сәуір айында өтуі керек болған парламенттік сайлау жиырмасыншы мамырға қалдырылды.