Жібек жолы ауылындағы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жібек жолы ауылында болған кісі өлтіру фактісіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.