Қазақстан халқы алғаш рет 20,5 миллион адамнан асты

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен: оның 15,8 мыңы – табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан халқы алғаш рет 20,5 миллион адамнан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдегі халық саны – 20 518 005 адам. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен: оның 15,8 мыңы – табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Айта кетейік, Қазақстанда халық саны алғаш рет 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен еді.