«Өлтіріп кетеді деп ойладым...»: Азамат Сатыбалды қызметтен неге кеткенін ашық айтты (видео)

Актер Қазақфильмнен кету себебін түсіндірді.

Актер Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге  сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер Қазақфильмнен кету себебін түсіндірді. Айтуынша, отбасын, баласын уайымдағандықтан, басшылық қызметтен кетуге шешім қабылдаған. Ол өзіне қастандық жасағандар болғанын жасырмады.

"Барынша адал жұмыс істеуге тырыстым. Қазақфильмге баруым да, кетуім де шаршағаннан шығар. Түсіндіруден шаршап кеттім. Біліп, түсініп тұрса да, түсінгісі келмейтіндерден шаршап кеттім. Қара басын ғана ойлайтындардан шаршадым. Сөйтіп, денсаулығымды ойладым. Шешім қабылдадым да, кеттім. Аптасына 7 рет жұмыс ісьеп, талантты режиссерлерді тарттым. 5 жылдық бизнес жоспар жасадық. Олар менің адалдығыма сеніп келді ол жерге. "Қазақфильм 5 жылда табыс әкеледі" деп жоспар құрдық. Бірақ болмашы нәрсеге аяғымнан шалғандар болды. Содан көңілің қалады екен. Өнер адамымын, эмоцияның адамымын. Қазірден осындай болса, кейін не болады деп ойладым. Қазірден жаманатты қылып көрсетіп жатса мен, ертең мені атып кетіп өлтіретін шығар деп ойладым. Күйген дүние күйіп кетсін деп Шәкен ағаның басына барып, рұқсат сұрадым. Қазір мүлде өкінбеймін. Көлігіме қастандық жасағандар болды. Күнде майдан барғандай, жүйкем жұқара бастады. Отбасымды, баламды уайымдадым. Ватсапқа үйімнің суретін жібергендер болды белгісіз номерден. Сол Қазақфильм төңірегінде жүрген топ бар. Оны көбі біледі, айтпай-ақ қояйын", - деді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.