Спорттық гимнастикадан әлем кубогы: ұлттық құрама тізімі жарияланды

Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді.

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзербайжанның Баку қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

- Милад Карими

- Нариман Курбанов

- Дмитрий Патанин

- Диас Тойшыбек

- Зейнолла Ыдырысов

- Эвелина Ежова

- Радмилла Тарасова

Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.