«Қандай қорқынышты...»: Дубайға демалысқа барған Жанболат пен Жазира қандай жағдайға тап болғанын айтты

Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Дубайдағы жарылыс туралы айтты.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира шетелге демалуға шығып, қорқынышты жағдайға тап болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әншілер Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты барлық әуе рейсі тоқтатылғандықтан Дубайда қалып қойған.

Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Дубайдағы жарылыс туралы айтты. 

“Директ пен WhatsApp-қа жазып жатқан барлық туған-туыс, дос-жарандарға рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Ниеттеріңізге көп рақмет! Алла қаласа жақсы күнде жолығамыз. Даратайымды "мереке қарсаңында салюттер атылып жатыр” деп алдап қоямын. Көзбен көріп, құлақпен естіген қандай қорқынышты ”, – деді Жазира Байырбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.