Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлік министрлігі мәліметінше, 340 қазақстандықты Отанына қайтару жоспарланып отыр.
«2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Жиддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.