Кездесу барысында көлік және логистика, ТЖ, цифрлық технологияларды дамыту, тұрғын үй нарығы, «жасыл» қаржыландыру және тағы да басқа салалардағы жобалар талқыланды. Жасанды интеллект, дата-орталықтар салу, талшықты-оптикалық магистральдар жүргізу, көлік дәліздері мен кедендік рәсімдерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті атап өтілді. Қарағандыда кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 300 төсек орынға арналған университеттік аурухана салу бойынша МЖӘ жобасын жүзеге асыру барысы қаралды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі негізгі әріптестерінің бірі – Азия даму банкімен жан-жақты өзара іс-қимылға ерекше мән беретінін атап өтті.
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі арасында 2026-2029 жылдар аралығында жалпы сомасы шамамен 5,5 млрд доллар болатын 15 перспективалық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат экономикада жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндік ашады.