2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Астана тұрғындары сайлау учаскелері туралы ақпаратты бірнеше жолмен біле алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының тұрғындары өздерінің референдум учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше дереккөз арқылы ала алады:
- Ресми веб-сервис арқылы: https://referendum.astana.kz/
- Telegram мессенджеріндегі чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
- iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 109 нөмірі бойынша.