Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева зекеттің адам өміріндегі маңызы туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол зекетті уақытында беріп тұру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар өзі куә болған оқиғаны айтып берді.
“Исламда зекет садақадан бөлек. Ол сенің тапқан табысыңның 2,5%-ы. Кәдімгі шариғаттың бухгалтері. Мысалы, біз салықтан қатты қорқамыз, өліп-тіріліп төлейміз. Зекетті олай төлемейміз. Шын айтайын, өйткені салықтан қорқамыз. Алладан салықтан қорыққандай қорықпаймыз. Бір күні топан су басып жатқан ауылдарда ешқандай су тимеген үйдің видеосы тарады. Айналасындағы, алдындағы, артындағы үйдің барлығын су алып кеткен. Бірақ ана үй тұр. Соны бір ұстазға көрсетіп “Мынау не ғажайып? Бұл үйде тақуа адам тұра ма?” деп сұрадым. Сонда ол кісі “Жоға, зекетін уақытында берген адам ғой” деді. Зекет дегеніміз Аллаһтың сақтандыруы екен ғой. Аллаһтың салығын төлеп тұрған кезде қалған 98% Аллаһ қорғап тұрады екен. Бізде адамдар ақшамды мына жаққа сақтап қойдым, жылжымайтын мүлік алып қойдым дейді ғой. Оның ешқайсысы сақталатынына кепіл жоқ. Үй бір-ақ күнде құнсызданып кетуі мүмкін. Тұрған ақшаң жоқ болып кетуі мүмкін. Зекет – “Мен сенің ақшаңды қорғаймын” деген Алланың кепілі”, — дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.