Қар жауады, көктайғақ болады: 4 наурызға ауа райы болжамы

Астанада көктайғақ болады.

Қазгидромет 4 наурыздағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде тұман болады. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Түркістанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте жауын-шашын жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертен облыстың орталығында тұман күтіледі. Павлодарда түнде және таңертен тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада түнде және таңертең көктайғақ болады, тұман түседі.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда күндіз жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі.

Жамбыл облысының түнде таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, жаяу бұрқасын болады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, түнде облыстың шығысында аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.