Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады

Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина – Атырау, Медина –Ақтау және 2 рейс Жидда – Атырау.

Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.

4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда Ақтау Алматы және Жидда Атырау Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс сағат 18:00 ұшып шығып, Ақтауға сағат 01:05+ ұшып келеді, Алматыға сағат 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға сағат 20:45 ұшып шығып, Атырауға сағат 05:05+ ұшып келеді, Алматыға сағат 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.

Әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.