«Ақылдастық...»: Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі әншінің өнерден алыстауына не себеп екенін айтты (видео)

Отбасы жайлы сұраққа жауап берді.

Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер  Ғазрет Қажымұқанұлы отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актерге журналистің «Кәмшаттың өнерден алыстауы сіздің шешіміңіз деп жатады. Бұл рас па?» деген сұрағына жауап берді. Сонымен қатар басында әншінің образына қатысты өзара ақылдасқанын жасырмады.

«Отбасылы болғаннан кейін басында уақыт керек қой. Қазір енді байқаған шығарсыздар, қайтадан жарыққа шыға бастадық. Образына қатысты айтар болсақ, қазір толықтай өзі біледі. Қазір ондай нәрсе жоқ», - деді Ғазрет Қажымұқанұлы "Ревю"бағдарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.