Жас биатлоншылар ерлей алмады

Қазір Арберде (Германия) биатлоннан жасөспірім­дер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлемдік біріншілігі аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.

Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.

Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады. Кеше осы дисциплинада қыздар жарыс жолына шықты.

Әсет ҚАЛИ