Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фариза Алмазқызының айтуынша, қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған.
«Осы жаңалықпен сіздермен бөлісуім керек. Себебі бәрі сіздердің көз алдарыңызда болды. Бүгінгі таңда Жақсыген Н үстінен қылмыстық іс қозғалды, 2 баппен. Біз адвокат екеуіміз бұл іс бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз. Заң алдында тиісті жазасын алады», - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуінің өзінің ар-намысына тиген түрлі хаттарын жариялаған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.