Африка елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Африка елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша, әлемде вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты. Олардың 13 мыңы мерт болды, 92 мың адам сауығып кетті,  - деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі. Індеттің тарауының күрт арту жағдайлары әсіресе Африка елдерінде байқалды. Бұл аймақта 1198 адамнан Covid-19 вирусы табылды. Африка құрлығында осы уақытқа дейін коронавируспен байланысты жағдай оңды болып келген еді.