«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Байқау ережелерімен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сайтында танысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.