«Бүгін 851 жолаушыны алып келді»: Таяу Шығыстан елге Қазақстан азаматтарын тасымалдау жалғасып жатыр

Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді.

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді.

5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды.

Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.

SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.

Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.

Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтыланып жатыр).

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2 111 жолаушы елге оралды.

Бүгінгі күнмен қосқанда Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4 000 азамат жеткізіледі.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.