«Күтіп отыруға қорқып жатырмыз»: әнші Жазира Байырбекова Түркияға кетіп бара жатқанын жариялады

Әншінің айтуынша, олар Түркия мемлекетіне билет алған.

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында әуежайда отырғанын айтып, қауіпсіз елге кететіндерін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әншінің айтуынша, олар Түркия мемлекетіне билет алған.

«Біз Маскат қаласының әуежайындамыз. Әуежайға келіп тұрғандардың бәрі: "Билет бар ма?" – дейді. Қайда десең, "қайда болса да бәрібір" деп жауап береді. Біз де қайда болса да деп тыныш мемлекетке ұшайын деп тұрмыз. Қазір Алла қаласа, Түркияға, Ыстамбұл қаласына билет алдық. Әрі қарай көре жатармыз. "Елден келетін эвакуациялық ұшаққа неге мінбедіңіздер?" деген сұраққа айтар жауабым: ол жерде баламен болсаңыз, 5 жасқа дейінгі бала болуы керек. Біздің Дара 6-ға толған. Сол үшін заңдар бойынша бізді алып кетпейтін сияқты. «Күтіп отыруға қорқып жатырмыз». Сол үшін Ыстамбұл арқылы көреміз. Сәттілік тілеп жатқандарыңызға рақмет!»,– деді өнер иесі. 

Одан кейін:

 

«Ұша алмай жүрген халық өте көп. Халықтан үлкен емеспіз. Ниеттеріңізге рақмет!», — деп жазды ол бейнежазбаның астына.