Ақтөбеде 25 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Құқық қорғау органдары ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ресми мәліметке сәйкес, 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты зорлау фактісі туралы дерек әлеуметтік желіде тараған. Құқық қорғау органдары ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті дереу қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті процестік және тергеу амалдарын жүргізуде. Полиция қызметкерлері айғақтарды жинап, қылмыстық процесс қатысушыларының барлық уәждерін мұқият тексеруде.

«Тергеу органдары істің барлық егжей-тегжейін жан-жақты зерделеуде. Қорытынды тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданатын болады», – делінген ресми хабарламада.

Тергеу мүддесі мен кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтарын қорғау мақсатында басқа мәліметтер жарияланбайды.