Ұшақта бірге болған жолаушылардың айтуынша, ер адамда коронавирус белгілері болмаған. Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында ер адам көз жұмды. Марқұм Мәскеу арқылы Вьетнамнан ұшып келген туристердің арасында болған. «Ер адам өзін жайсыз сезініп, бір уақытта эпилепсия кезіндегідей селкілдей бастады. Оған жұрт көмек көрсетпекші болды, бірақ ол көз жұмды», – дейді куәгерлер. Ал Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. «Кеше жедел жәрдем қызметіне сағат 18:58-де хабарлама түсті, сағат 19:06-де бригада әуежайда болды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», – деді басқарма. Scat әуе компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, паспорт тексеретін жерде ер адамның жүрегі ұстап қалған. «Ұшақ ішінде оның жағдайы жақсы болды, ол ешбір мәселемен бортсеріктерге жүгінген жоқ. Жанында адамдар болған», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Ескерер жайт, ұшып келгендердің барлығы қонақүйде жабдықталған стационарға карантинге жатқызылды. Олардан коронавируске анализ алынады. Тексеруден соң, үйлеріне жіберіледі.