Жарқыраған MacBook Neo түрлі тосын сыйға толы, бағасы да келісті 600 доллар

Apple-дің 600 долларлық MacBook Neo-сы ноутбуктерді қайтадан әдемі етіп көрсетті. Онда тосын сыйға толы мобильді чип қойылған.

Aikyn.kz жақында сатылымға шығарылатын MacBook Neo-ның керемет мүмкіндіктерін gizmodo.com материалына сүйеніп талдайды.

MacBook Air салыстырмалы түрде қолжетімді ноутбук болғанымен, компания осы уақытқа дейін вебті қарау және жеңіл тапсырмаларға арналған арзан құрылғы жасау туралы нарықтың сұранысын елемей келді. Енді жағдай өзгерген сияқты. Apple расымен арзан Mac жасады. Оның атауы – MacBook Neo. Ол компанияның басқа ноутбуктері сияқты macOS Tahoe операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Түстер палитрасы да көзге жайлы, әрі ол арнайы мобильді құрылғыларға арналған чиппен жабдықталған.  Бағасы 599 доллардан басталады.

Көпшілік күткендей, MacBook Neo бірнеше жағымды түсте шығады: индиго (көк), цитрус (сары), қызғылт және күміс. Бұрынғы 12 дюймдік MacBook-тан негізгі айырмашылық – процессорда. Бұл жолы MacBook Air-дағы M4 немесе соңғы MacBook Pro-дағы M5 сияқты чиптердің орнына, MacBook Neo A18 Pro чипін қолданады.

Бұл – iPhone 16 Pro-дағы процессор. Жаңа Mac-та небәрі 8 ГБ жедел жады және 256 ГБ SSD бар. Базалық нұсқа 599 доллар, ал Touch ID және 512 ГБ жады бар нұсқа 699 доллар тұрады.

2023 жылғы iPhone 14-тің банан түсті реңкін әлі күнге дейін сағынатын адамдар бар. Осыған ұқсас сарғыш Mac сондай тұтынушылардың көңілінен шығады. Жаңа құрылғы 2015 жылы шыққан 12 дюймдік MacBook-қа ұқсайды. Ал жаңа ноутбук 13 дюймдік IPS LCD дисплеймен сатылады. Ажыратымдылығы 2408 x 1506 пиксель, жарықтығы 500 нит. Apple батарея жұмысы 16 сағатқа дейін жетеді дейді. Neo-да екі USB-C порты және 3,5 мм құлаққап ұясы бар.

Apple бұл модельмен басқа арзан ноутбуктер, ең бастысы Chromebook нарығымен бәсекеге түседі. Бұлтқа бейімделген, энергияны үнемдейтін Google ноутбуктері қолжетімді қолданбалардың аздығынан аса кең тарала бермеген. Жаңа MacBook-тың әлеуеті жоғарырақ болуы мүмкін. Өйткені Apple-дің ARM негізіндегі қазіргі архитектурасына сай келетін қолданбалар қазірдің өзінде көп. Дегенмен оның Apple Creator Studio сияқты бағдарламаларды немесе ресурсты көп қажет ететін 3D-қолданбаларды қалай іске қосатынын тұтынушылар асыға күтуде. MacBook Neo-ның сатылымы 11 наурызда басталады.