Павлодарда жыныстық зорлық туралы қозғалған қылмыстық іс күтпеген жағдаймен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2025 жылдың қазан айында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот 35 жастағы ер адамды 22 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп танып, оны 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған.
Бірақ сот отырыстарының бірінде жәбірленуші бұрын берген айғақтарын өзгертіп, болған оқиға екі жақтың келісімімен болғанын мәлімдеді.
Осыдан кейін қызға қатысты жалған куәлік беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның айтуынша, ол мұндай қадамға қорыққандықтан барған. Жәбірленуші айыпталушының достары мен туыстары тарапынан қоқан-лоқы жасалып, телефон арқылы қысым көрсетілгенін айтқан.
Сот нәтижесінде қыз кінәлі деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.