Біріккен Араб Әмірлігінде зымыран қаупіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Сонымен қатар бір зымыран мен алты дрон Біріккен Араб Әмірліктері аумағына құлаған.

Елдің Ішкі істер министрлігі тұрғындарды дереу қауіпсіз жерлерге баруға, сондай-ақ терезелерден, есіктерден және ашық алаңдардан аулақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдай режимі елдің Қорғаныс министрлігі Ираннан төнген қауіпке қарсы қорғаныс жүйелері арқылы 6 зымыран мен 131 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын хабарлағаннан кейін енгізілді. Сонымен қатар бір зымыран мен алты дрон Біріккен Араб Әмірліктері аумағына құлаған.

БАӘ-нің Төтенше жағдайлар, дағдарыстар және апаттарды басқару жөніндегі ұлттық басқармасы әлеуметтік желіде зымыран қаупі толық залалсыздандырылғанын мәлімдеді.