Жасыл энергия туралы келісімдерді қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттарға 2024 жылғы 13 қара­шада Бакуде жасалған Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді қарау ұсынылады. Құжат үшжақты іс-әрекеттің тұрақты моделін қалыптас­тыруға және жаңар­тылатын энергия көз­дері саласындағы ұзақмерзімді ын­тымақ­тастықты дамытуға бағытталған. Онда ЖЭК әлеуетін тиімді пайдалану, тараптар арасында, сондай-ақ Еуропа мемле­кеттерімен және басқа аймақтармен арада экологиялық таза электр энер­гиясы саудасын дамыту қарас­тыры­лады. Сон­дай-ақ жасыл электр энер­гиясын орнық­ты әрі болжамды экс­­­порттау үшін Орта­лық Азия мен Әзер­байжанның энер­гожүйелерінің өзара байланысын қамтамасыз ету жос­парланған.

Сонымен қатар Мәжілістің қа­рауына 2023 жылғы 4 мамырдағы Ел­дер арасын­дағы өзара одақтастық іс-әрекет туралы декларацияны дамы­ту шеңберінде  әзір­ленген Қазақстан мен Тәжікстан арасын­дағы одақтастық қатынастар туралы шарт енгізіледі. Құжат аясында саяси, эко­номикалық, әскери, әлеуметтік, ғылыми, техно­логиялық, мәдени және гумани­тарлық салалардағы әртүрлі және көпқырлы өзара іс-қимылдың нысандары мен тетіктерін жетілдіру  көзделеді.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына 2023 жылғы 8 маусымда Сочиде қол қойылған ТМД-ға қатысу­шы мемле­кет­тердің радиациялық жағдай мони­торингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісім де енгізілді.

Бұдан бөлек, Мәжіліс Қазақстан мен Катар Мемлекеті арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақ­тастық туралы келісімді ратифика­циялау туралы жаңа заң жобасы жұ­мысқа қабылдауды жоспарлап отыр.