Бірнеше күн бойы елге оралудың жолын таппай жүрген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жазды. Ол қызын әуежайдан күтіп алды.
– «Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Әдемі аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!» – деді Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары да осы оқиғаға қуаныштарын білдірді:
– «Бірден Тұрсынбектің сторисін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп...»,
– «Жаным, көзіме жас келді...»,
– «Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда!», – деді олар.