Қазақстан банктерінің таза пайдасы 199 миллиард теңгені құрады

Бұл өзгеріс негізінен несие портфелінің 1,1%-ға өсіп, 43 трлн теңгеге жетуімен байланысты.

2026 жылғы қаңтарда Қазақстанның банк секторының активтері 0,9%-ға азайып, 70,1 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл өзгеріс негізінен несие портфелінің 1,1%-ға өсіп, 43 трлн теңгеге жетуімен байланысты.

Екінші деңгейдегі банктердің жоғары өтімді активтері 20,7 трлн теңгені немесе жалпы активтердің 29,5%-ын құрады. Бұл көрсеткіш банктердің өз міндеттемелерін толық орындауына мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері заңды тұлғалардың салымдары 5,9%-ға төмендеуіне байланысты 1,4%-ға азайып, 59,3 трлн теңгені құрады. Міндеттемелер құрылымында негізгі үлесті клиенттердің салымдары – 79,6% немесе 47,2 трлн теңге алады.

Сонымен қатар банктердің меншікті капиталы 1,7%-ға өсіп, 10,8 трлн теңгеге жетті. Капитал жеткіліктілігі коэффициенттері (k1 – 20%, k2 – 20,7%) белгіленген нормативтерден айтарлықтай жоғары.

2026 жылғы қаңтар қорытындысы бойынша, банктердің таза пайдасы 199 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға аз. Активтердің рентабельділігі (ROA) 4,1%, ал капиталдың рентабельділігі (ROE) 27,7% болды.