«Қазгидромет» 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын күтіледі.

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мереке күні Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын күтіледі.

Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Республика бойынша бірқатар елді мекенде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ қалыптасуы ықтимал.

«8 наурыз күні республика аумағында желдің күшеюі, тұман, көктайғақ және боран күтіледі», — деп ескертті «Қазгидромет» РМК мамандары.