Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне айтты.
Соңғы тәулікте Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, екі пациент те бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олар стационарда карантинде еді. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Қазір екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық.