АҚШ-та бір тәулікте 9100 адам коронавирусқа шалдығып, 117 адам қайтыс болған
АҚШ-та бір тәулікте 9100 адам коронавирусқа шалдығып, 117 адам қайтыс болған
Фото: Интернеттен алынды
129
оқылды
АҚШ-та соңғы бір тәулікте COVID-19 тағы 9 мың 100 адамнан анықталған, – деп хабарлайды «Хабар 24». Науқастардың жалпы саны 33 жарым мыңнан асып кеткен. Бұл – Қытай мен Италиядан кейін дерт жайлаған үшінші мемлекет. Коронавирустан көз жұмғандар саны 419-ға жеткен. Оның 117-сі соңғы тәулікте қайтыс болды. Осыған орай Ақ үй әкімшілігі індетпен күрес шараларын күшейтті. Нью-Йорк, Вашингтон, Калифорния штаттарында енді ұлттық гвардия әскерлері ел қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстамақ. Айта кетейік, Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша 60 адамнан коронавирус анықталған. 22 наурызда 23.50-де коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  – 31 адам, Алматы қаласында – 25 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 60 науқас тіркелді» делінген хабарламада.