Қарттар қамқорлықсыз қалмайды
Қарттар қамқорлықсыз қалмайды
Фото: Интернеттен алынды
143
оқылды
Қысылтаяң шақта қол ұшын созуға ұмтылғандар қатары көбейіп келеді. Отандық RG Brands компаниясы да бұл істен шет қалмады. Компания өнімдері салынған 5 мың қоржын еліміздің 18 қаласындағы жасы ұлғайған адамдарға жеткізіледі. Тиісті жандарға қоржынды компанияның ерікті қызметкерлері табыстамақ.   Алматы, көмек, карантин, коронавирус «Үйде қалыңыз. Біз сіздерді жақсы көреміз және сақтаймыз» деп жақындарымызға осы бастаманы айтатын боламыз. СOVID-19 пандемиясынан аға ұрпақты сақтауға ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Карантин және шектеулі қозғалыс кезінде біз сіздерді қорғап, денсаулықтарыңызға қамқорлық жасағымыз келеді» деді компания өкілдері. Ұлыстың ұлы күні, қазақтың жаңа жылы – әз Наурыз мерекесі кезінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, мәре-сәре болатын. Бірақ осы жылғы мереке отбасында ғана атап өтумен шектеледі. Тіпті кейбіреулер тек қоңырау соғумен ғана отыруға мәжбүр. Осындай жағдайда аталмыш компания қашықтықтан болса да қарттарға жылу мен қамқорлық сыйлағысы келеді. Олар алдын ала қоңырау шалып сүт, шай, су және шырынды байланыссыз әдіспен жеткізеді. Компания еліміздегі түрлі қауымдастықтар мен белсенді адамдарды қарттарға жақсылық жасау эстафетасын қолдауға шақырады. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ