Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті

Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасы жариялады.

Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасы жариялады.

«Фархад Қыстаубаевтың қазасы – еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанып, ел намысын абыроймен қорғады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Фархад Қыстаубаев Қазақстан сурдо спортының дамуына үлкен үлес қосқан спортшылардың бірі болды.