Қостанай облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында шетелдік тіркеудегі автокөлікті тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ақпараттық базалар арқылы тексеру кезінде жүргізушінің жол қозғалысы саласында 102 әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды.
Аталған автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Қостанай облысы Полиция департаменті Жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады.