«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолында 7 көлік соқтығысты

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына жеті автокөлік қатысқан. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

10 наурыз күні «Астана – Қарағанды (айналма жолы) – Алматы» республикалық автожолының 148-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына жеті автокөлік қатысқан. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта жол апатының салдарын жою және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына жауапты қызметтердің мамандары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдағы қозғалысты реттеу және көлік құралдарының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат Chevrolet Nexia мен Chery Tiggo автокөліктерінің соқтығысуынан басталған. Кейін оқиғаға Toyota Land Cruiser, жүк көлігі, «ҚазАвтоЖол» мекемесіне тиесілі қызметтік пикап және УАЗ Hunter көліктері қатысып, барлығы жеті автокөлік соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал УАЗ Hunter көлігінің жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Жүргізушілерге аталған бағытта қозғалыс кезінде сақтық танытып, жол ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.