Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.