Ақтөбе облысында жоғалған адам табылды

Іздестіру барысында құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын және кинологиялық жасақты пайдаланды.

Ақтөбе облысы «Северная Трува» кен орнынан 30 шақырым жерде, «Мамытов» шаруа қожалығының ауданында 1966 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол жылқымен мал іздеуге шығып, ұзақ уақыт байланысқа шықпаған.

Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін ТЖД, ПД, ЖАО өкілдері, сондай-ақ шаруа қожалығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Іздестіру топтарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғалған адам табылды.

Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.