Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірлігінен 126 турист келді. Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев: «Барлығы БАӘ-ге демалуға барған қазақстандықтар. Олардың арасында Атырау облысынан 106 адам бар. Ал, 26 адам – көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Оларды әуежайда санитарлық дәрігерлер қарсы алып, барлығының дене қызуын тексерді. Ешқайсысынан жоғары температура байқалмады. Атыраулықтар үйіне жіберілді. Дәрігерлер оларды мекенжайында 14 күн бақылауға алады. Көршілес облыстарда тұратындардың мекенжайы, байланыс нөмірлерін алдық. Барлық деректі сол облыстардағы әріптестерімізге береміз», – деді.