Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалина жер қойнына тапсырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2025 жылдың соңынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен ағайындының мәйіттері 9 наурыз күні табылған. Жақындарының айтуынша, марқұмдар мейірімді әрі қарапайым жандар болған. Оларды ақтық сапарға шығарып салуға ауыл тұрғындарының көбі жиналды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Атырауда бір отбасының түгелдей жоғалып кеткені туралы хабар тараған еді. 6 қаңтар күні Қызылқоға ауданында ерлі-зайыпты 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі шаруашылық сарайынан табылған.
Бұл іске күдікті ретінде олардың ұлы мен қызы Индонезияда ұсталып, 9 наурызда Қазақстанға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.