"Күйеуімнің басқа әйелге үйленгенін қаладым...": Майра Ілиясова жан сырын ақтарды (видео)

Өнер иесі бұрынғы жолдасы түсінігі мол жан болғанын, тату өмір сүргенін атап өтті.

Әнші, продюсер Майра Ілиясова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұрынғы жолдасы түсінігі мол жан болғанын, тату өмір сүргенін атап өтті. Алайда әнші күйеуінің өзге әйелге үйленгенін жөн көріп, өзі ұсыныс жасағанын жасырмады.

«Жолдасым Бақытжанмен студенттік шақта таныстық. Түсінігі мол, кең жүректі жан еді. Менің шығармашылығыма әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайтын. Таңғы 5-те келсем де, ешқашан ауыр сөз айтқан емес. Бір күні 40 күнге Мәскеуге іссапарға кеттім, қызымды күйеуіме тастап. Екеуі мені күтіп алды. 40 күннің ішінде күйеуім қатты жүдеп кеткен. Кішкентай қызға қарау оңай емес. Осындай ер-азаматты қор қылып жүрген жоқпын ба деп ойладым. "Не өнерді, не отбасын таңдайын" дедім. Тамағын да уақытылы ішпейді. Ер адамға үйде отыратын әйел керек. Мен өнерді тастап кете алмадым. "Айналаңда жақсы жандар бар ғой" дедім. Сөйтіп кейін мені өзі таңдаған жанмен таныстырды, маған ұқсас жар тапты. Өзі ұлды болғанды жақсы көретін, ұлды болды. Қазір араласып тұрамыз», – дейді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.