ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 12 наурыз сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғас» 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан – Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.