Мақтааралда тәулігіне 150 тонна шикізат өңдейтін май зауыты іске қосылды

Кәсіпорынның жалпы аумағы 4,3 гектарды құрайды. Оның ішінде 2 686 шаршы метрі май өндіретін зауыттың өндірістік ғимаратына тиесілі.

«Мақтаарал АгроӨнеркәсіп кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өсімдік майын өндіретін зауытты іске қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады

Кәсіпорын Түркияның HAS MAKINA YDK. PARC. MET. SAN. TIC. LTD. STI. компаниясының заманауи технологиялық желісімен жабдықталған. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеп, дайын өнім – өсімдік майын өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның жалпы аумағы 4,3 гектарды құрайды. Оның ішінде 2 686 шаршы метрі май өндіретін зауыттың өндірістік ғимаратына тиесілі.

Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 100-ден 150 тоннаға дейін майлы дақыл тұқымын өңдеуге мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін арттыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.