Актер Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі актриса Ғалия Ұзақбаевамен некесін қиған сәттен сурет жариялады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынап жатқан жандарға жауап берді әрі құттықтап жатқан көпшілікке алғыс айтты.
«Егер бұл өмірде бақытты болу соншалықты оңай болса, бәлкім бәрі де бақытты болар ма еді... Айтқан барлық тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын», — деп жазды актер.
Желі қолданушыларының бірі актерге бақыт тілесе, енді бірі өмір тек бақыттан тұрмайтынын айтып, сынаған.
«Жүз пайыз бақыт деген жоқ,тек бақытты сәттер бар! Алланың нығметтеріне тәубе етіп, түсіністікпен өмір сүре білу керек! Бұл өмір өте қысқа, ырылдасып жүруге уақыт аз», «Әр гүлге бір қонып жүргендей көрінесің», «Актер ретінде жақсы көремін, бірақ ер-азамат ретінде әлсіз екенсің», «Енді төртінші рет бақыт іздеме. Өмір — тек бақыттан емес, бақытты сәттерден тұрады», «Бақытты болыңыздар», — деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.