Семейлік түлек ҰБТ-да 140 балл жинап, ел бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті

Бұл көрсеткіштің ішінде ағылшын тілі пәні бойынша 50 балдық конвертация жасалған.

Семей қаласының түлегі  Ерасыл Сайлауов Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл көрсеткіштің ішінде ағылшын тілі пәні бойынша 50 балдық конвертация жасалған.

Ерасыл – Абай облысы, Бородулиха ауылының тумасы. Ол Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Сонымен қатар «Тарих мектебі» білім беру орталығында білім алған.

Дарынды түлектің басты мақсаты – «Дипломатия» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, осы бағытта білімін жалғастыру.